$ 441.44  473.09  4.75

Тайландтан Ақтауға келін болып түскен қыз ислам дінін қабылдады (ВИДЕО)

Екінші кездесуде қазақ жігіт қалыңдығы Ихваны Тайландтан Қазақстанға алып келген.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Ақтауға келін болып түскен тайландтық қыз туралы тараған ақпаратқа қатысты егжей-тегжейлі дерек жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ақтаулық жігіттің ата-анасы шаңырағына келін болып түскен тайландтық қыздың қалың малына 3 млн теңге беріпті. Ал жігіт пен қыз әлеуметтік желі арқылы ағылшын тілін ұштауда бір-бірін тауып, тез көңіл жарастырған, деп жазды mangystaumedia.kz.

Жас жұбайлардың айтуынша, олар бастапқы екі жыл бойына тек онлайн достықта болған. Танысқандарына бір жыл өткен соң жігіт сүйіктісінің ата-анасымен кездескен. Ал екінші кездесуде жігіт қалыңдығы Ихваны Қазақстанға алып келген.

"Әлбетте қызымның шетелдік екенін естіген ата-анам басында қарсылық білдірді. Ата-анамды сөзіме иландыру үшін маған бір жыл қажет болды. Бұйырса, Ихва екеуміз ертең мешітте неке қиямыз. Ол Ислам дінін қабылдауға және атын Інжу деп өзгертуге келісті. Ихва бұрын буддизм дінін қабылдаған қыз. Қызды халқымыздың салты бойынша ұзатып алдық. Ихваның жанұясы қалың малға 5 миллион теңге сұрады. Десе де, біз 3 миллион теңге бердік. Екеуміздің өзара түсінісетін ортақ тіліміз — ағылшын тілі. Алдағы уақытта Ихва қазақ социуымына бейімделу үшін қазақ, орыс тілдерін үйренуге тырысады. Тайландқа барып жұмыс істеп, сонда тұру жоспарымыз бар", - дейді күйеу жігіт Мирас.

Ихваның айтуынша, оған жергілікті жұрт пен қазақтың ұлттық тағамдары ұнаған.

"Мен қазақ келінінің орамалын тағып, қалай сәлем салу керегін үйрендім. Тайландта мұндай дәстүр жоқ. Қазақ халқының салтын тез үйреніп кетемін деген ойдамын. Маған ең қызығы қыс айын көру. Өйткені менің Отанымда тек жаз маусымы", - деді Ихва.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары