$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда жол бойындағы төбелес видеоға түсіп қалды

Тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы полициясы Рысқұлов даңғылында төбелескендерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар редакцияға Алматыдағы Рысқұлов даңғылында, Сайын қиылысына жақын маңда болған төбелестің видеосын жолдады. Кадрларда көліктің жанында екі ер адам төбелесіп жатқанын көруге болады. Жанжал жолда туындаған болуы мүмкін.

Алматы полициясы осы дерек бойынша полицияға өтініштер, арыздар, сигналдар түспегенін хабарлады. Қазіргі уақытта бұл дерек Алатау аудандық полиция бөліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша тіркеуге алынды. Тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары