$ 441.58  480  4.86

Астанада кәмелетке толмағандарға азғындық жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің подполковнигі ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

13 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астанада Қарулы Күштердің подполковнигі кәмелетке толмағандарға зорлық жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Zakon.kz сайтының жазуынша, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев подполковникке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігінде ата-анасының немесе басқа да қамқоршысының кәмелетке толмаған адамға қатысты дәл сол әрекеті (кәмелетке толмағандарды азғындық жолға түсіру) жасауы көзделген.

Аталған жайт ҚР ІІМ Облыстық әскери тергеу басқармасына тіркелді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары