$ 439.43  473.31  4.82

Жетісу облысында жоғалып кеткен жігіттің денесі судан табылды

Төрт күн бұрын Көксу ауданында 29 жастағы жігіт мал жаюға кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. 

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Жетісу облысында жоғалып кеткен жігіттің денесі судан табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Облыстық ПД хабарлауынша, 23 сәуірде Көксу ауданының полиция бөліміне ұлының жоғалғаны туралы арызбен Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, 29 жастағы жігіт мал жаюға шығып, оралмаған.

«Жоғалған адамды іздеуге аудандық полицияның барлық жеке құрамы, жергілікті тұрғындар мен еріктілер бағытталды. Сол күні жоғалған жігіттің жылқысы Ескелді ауданының Жаңалық ауылында табылды. Көрші ауылдарды Көксу өзені бөліп тұрғаны ескеріліп, іздеуге облыс құтқарушылары қосылды. 27 сәуірде іздеу іс-шараларының барысында жоғалған адамның зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіті Көксу өзенінің түбінде табылды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары