$ 448.89  477.93  4.76

Сарыағаш базарында тілі толық шықпаған қызынан көз жазып қалған әке елді дүрліктірді

Әкесі базар аралап жүргенде, 4 жастағы тілі шыға қоймаған қызын жоғалтып алған. Тәртіп сақшылары екі сағат дегенде баланы тауып берді.
фото: Известия
фото: Известия

Жергілікті тұрғын жоғалған төрт жастағы қызын тауып берген тәртіп сақшысына алғысын айтты, деп хабарлайды SN.kz тілшісі жергілікті полицияға сілтеме жасап.  

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының орталық базарларының бірінде әкесі қызынан көз жазып қалған.

Керекті заттар алу үшін базар аралап кеткенде қызының қасынан ұзап кеткенін байқамай қалады. 

Қызының жоғалғанын білген әкесі «102» нөміріне қоңырау шалады.

Полицейлер базарға жақын және алыс аумақтарын топ-топқа бөлініп іздестіре бастайды. Бала екі сағат дегенде табылады. 

«Жанын қоярға жер таппай, шарқ ұрып қызын іздеген әке ботақанының табылғанына риза болып, Ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Жұмат Суннатұлына шексіз алғысын жеткізді», - деп хабарлайды жергілікті полиция департаментінен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары