Оқиғалар 02.06.2019 сағат 09:04  325

Ақтөбеде клиенттерінің көліктерімен жарысқан автожуу бекетінің жұмысшылары жол апатына ұшырады

Ақтөбеде көлік жуатын орынның екі жұмысшысы клиенттерінің көліктерін иелерінің рұқсатынсыз мініп шығып, жарыспақшы болған. Жолда олар апат жасаған.
Ақтөбеде клиенттерінің көліктерімен жарысқан автожуу бекетінің жұмысшылары жол апатына ұшырады
old.34355.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Екі көлік жуушы жігіт өздеріне тастап кеткен «Тойота Камри» және «Хюундай» көліктерімен өзара жарыс ұйымдастырмақшы болған. Жарысқа шыға сала бір-бірімен соқтығысып қалған олар трассада келе жатқан «Ваз»маркілі көлігін де соғып кеткен. Жол апатының салдарынан  «Ваз» көлігінде отырған кәмелетке толмаған жас облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар көлік ұрлап жарысқа түскендердің бірі Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына түсті», - деп хабарлады департаменттің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.   

Аталған факті бойынша, полиция қызметкерлері  қажетті тергеу жұмыстарын жүргізуде. Арнайы сараптама тағайындалды. ҚР ҚК-нің 200 бабы бойынша іс қозғалды. 

Дереккөз: Inform.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар