$ 448.15  483.46  4.86

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан алты адам жарақат алды

Жаңақала-Сайқын күре жолы бойында қос бірдей «Ларгус» автөлігі соқтығысты.

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан алты адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға кеше кешкісін сағат 21.50 шамасында Жаңақала ауданы аумағында болды. 

Жаңақала-Сайқын күре жолы бойында қос бірдей «Ларгус» автөлігі соқтығысты. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, алты адам Жаңақала аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың біреуі - 2013 жылғы қыз бала. 

«Бәрінің де жағдайы орташа ауыр. Тек 1987 жылғы әйелге ота жасау жөнінде шешім қабылданды», деді А.Сақпосынова. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, мәліметтің кейін берілетінін жеткізді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі автокөлік соқтығысып, бес адамның зардап шеккенін жазған болатынбыз.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары