$ 443.37  474.49  4.83

«Біз – көргенсіз халықпыз, дым көргеніміз жоқ» – Ғалымжан Молданазар

Әдепсіз білімді адам бомба жасауы мүмкін.

Фото: instagram.com/moldanazar
Фото: instagram.com/moldanazar

Әнші Ғалымжан Молданазар «Dopesoz» подкастында қонақ болып, қоғам туралы ойын ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, ұлттық идеологияны қолға алу керек.

«Елдегі болып жатқан оқиғалар адамды ойландырмай қоймайды. Сол үшін өзімді көп дүниеден шектеймін. Көріп, естіп, оқып отырып ашуланасың. Жек көріп кетесің. Біз – көргенсіз халықпыз. Дым көргеніміз жоқ. Халыққа у беріп, су десең, іше береді. Бір-бірін сыйлау, әдеп деген дүниелерден ажырап қалдық. Әдепті болайық, патриотизмді насихаттайық деп жұртқа айтсаң, күлкіге қаласың. Әдепсіз білімді адам бомба жасауы мүмкін. Әдепсіз білімді адам, білімсіз адамды қолданады. Оның ар-ұяты мазаламайды. Ешкімге жаны ашымайды. Ол үшін ұлттық идеологияны қолға алу керек», – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 28
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары