$ 443.44  480.51  4.88

«Бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі»: Ақбота Сейтмағамбеттің суреті көпшілікті шошытты

Ақботаның бетін қан жуған суреті оқырмандарының ойын сан-саққа жүгіртті.

Фото: www.instagram.com/akbotanurabaykyzy
Фото: www.instagram.com/akbotanurabaykyzy

Еліміздегі ең сұлу актрисалардың бірі әрі әнші Ақбота Сейтмағамбеттің әлеуметтік желіге жариялаған суреті оқырмандарын шошытты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақботаның бетін қан жуған суреті оқырмандарының ойын сан-саққа жүгіртті. Көбі әншіні сұрақтың астына алды.  

Бақ па, сор ма туылғаның қыз болып,

Ныпсы гүл боп шығу қажет мұз жарып.

Аламанға салсаң озар, әй қайдам,

Пешенесі тұрғаннан соң тұзданып.

Мен -әйелмін, қырық жан бар бойымда,

Шырқыраймын, талай уайым қойында.

От шарпыса шыдай түсем ерімей,

Себебі мен ұқсап кетем-шойынға...

Бәлкім бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар, бәлкім таңдауға келгендегі әлсіздік пен жаңылыс, - деп жазды актриса.

Актрисаның  жанкүйер оқырмандары тіпті кинода болсын, суретте болсын бақытсыз әйелдің образын сомдамаса деген тілектерін жазып жатты.

"Шошып кеттік қой", "Әр қыз бақытты болуға лайық", "Жамандық шақырып тұр ғой өзі", "Кино шығар", "Елді шошытпаңыз", "Өкінішті, Қазақстандағы ең өзекті тақырып қазір", "Құрсын, Ақбота! Кинодан үзінді болса да, мынадай суреттер салма. Қажеті жоқ", "Кинода да бақытсыз әйелдің рөлін сомдама. Көп әртіс кейіпкерінің өмірін қайталайтын жағдай сияқты болуы мүмкін", - деп жарыса жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары