$ 443.44  480.51  4.88

«Қайғыдан туған ән»: Kalifarniya «Аспан» әнінің кімге арналғанын айтып берді

16 миллион қаралым жинаған «Аспан» әні жастар арасында кеңінен таралған еді.

Фото: kzmp3.kz
Фото: kzmp3.kz

Танымал жас әнші Kalifarniya “Taboo” бағдарламасында өзінің алғашқы хиттерінің бірі – “Аспан” әнінің шығу тарихын баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аз уақытта рекорд жаңартып, 16 миллион қаралым жинаған “Аспан” әні жастар арасында кеңінен таралған еді.

Мен енді көтеріліп жатқан кезім еді. Танымал бола бастадым. Әртүрлі қалаларға қыдырасың. Сондай сапардың бірінде Атырау қаласына жол түсті. Ол жақтан достарым күтіп алды. Өнерде жүргесін айналаң да сондай өнерге жақын адамдар болады. Драма театрдың әртістерімен көңіл көтеріп, жақын таныстым. Студияларында ән жаздым. Бір айдай қонақ болған шығармын. Бәрімен қоштасып, Ақтөбеге қайтып келдім. Екі күннен кейін, досым хабарласып, бір қыздың қайтыс болғанын айтты. Ол қыз мен танысқан қыздардың арасында болған еді. Жігітімен 6 жыл жүріп, ата-анасымен танысуға бара жатқанда жол апатына түскен. Өте қиын жағдай. Бір үйдің жалғыз ұлы мен қызы еді, – деді Kalifarniya.

Кейін қайғыдан жаны қиналған досы хабарласып, түсіне жиі кіріп жүрген сүйіктісіне ән арнап жазуын өтінген.

Бір күні қайғыдан қан жұтқан досым хабарласты. “Әсел мені шақырып жатыр. Кеткім келеді артынан. Тоңып жүрмін деп айтты” деді. Мен оның көңілін ауламақ болып, жаман ойлама деп айттым. Артыңдағы анаң мен қарындастарыңды ойла дедім. Сол кезде “онда өзім ғана тыңдайтын ән жазшы” деді. Осылай “Аспан” әні дүниеге келді. Қайғыдан туған ән, – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары