$ 501.49  525.71  5.77

Мені «мама» дегенін естігім келеді – актер Еркебұлан Дайыровтың анасы (ВИДЕО)

Эфирде актердің анасы тұңғыш ұлы ата-енесінің қолында өскендіктен мейірлене бауырына баса алмағанын айтып, көзіне жас алған видеосы көрсетілді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал актер Еркебұлан Дайыров туған анасын бүгінге дейін «тәте» деп атайды. Бұл туралы ол Аман Тасығанмен өткен "Алғашқы" бағдарламасындағы сұхбатында айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Туған анама әр кез «тәте» деген сайын оның астарында «ана» деген сөз жатыр ғой. Міндетті түрде сөзбе-сөз айтудың қажеті жоқ шығар», - дейді актер.

Осы тұста журналист актердің анасымен тілдескенін, арманы туралы ойын білгенін тілге тиек етті.

«Көзімнің тірісінде баламның «мама» деген сөзін естігім келеді.

Ата-енем біріншісі ұл болса, бала біздікі, мүлдем ауызыңды ашпа деді. Ата-енеңе бергенге қарсы емеспін. Бірақ мынау әкең, мынау шешең деп айтқаны дұрыс. Ол ішінде қалады. Ішіндегі дүниесін әкесі қайтқанда айтты, ол естімей кетті.

Бір күн бармыз, бір күн жоқпыз. Сол сөзді (ред. – мама деген сөз) естіп кету арман ғой», - дейді Еркебұлан Дайыров туған анасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары