Аңқау болмаңыздар!
Танымал әнші Бүркіт анасының алаяқтарға алданып қалғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі алаяқтардың зейнеткерлерді жиі мазалайтынын айтты.
“Аңқау болмаңыздар!
Айтайын дегенім, жақында мамамның телефонына бір қыз хабарласты. Біз мамамның жанында отыр едік. Бір кезде ол сәлемдесіп, “сақтандыру компаниясынан хабарласып тұрмын” деді. Мен кім екенін түсіндім. Мамамның телефонын алып, мен сөйлесейін дегенде, ол қыз тұтқаны қоя салды. Біз олардың алаяқ екенін қанша рет түсіндіріп айттық. Осылай хабарласып, өтірік витаминдерді қымбат дәрі деп сенгіш зейнеткерлерге сатады. Ұятсыздар! Қаншама мыңдаған ақшаға алданып жүрген қариялар бар! Алдап жүргендерге айтарым көп. Әркім өз тағдырының қожайыны”, – деп жазды әнші.