Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін!
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева жолдасының туған күнімен құтықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі күйеуінің меншікті мерекесінде жанында болмағанын айтты.
“Мен жолдан келдім. Түнде әкелерін қыздары құттықтады. Туған күнің құтты болсын, Әлішер! Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін! Екі дүниенің абыройы мен бақытын берсін. Екеуміз бір жастықта қартайып, бала-шағамыздың қызығын бірге көрейік”, – деп жазды әнші.