$ 518.57  566.59  6.05

«Балалар есінен танған»: Ақтауда Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өткен концертте адамдар зардап шекті

Пышақ жарақатын алған азаматқа көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілген. 

Фото: Lada.kz
Фото: Lada.kz

Ақтауда Димаш Құдайбергеннің қатысуымен болған концерт кезінде ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық жедел медициналық қызмет мәліметінше, барлығы 41 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде, есінен тану, пышақ жарақаты, бір инсульт пен бір жүрек ритмі бұзылу дерегі бар. Пышақ жарақатын алған азаматқа көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілген. 

Ал полицейлер есінен танған балалар мен жасөспірімдерді жағалауға шығарған. Адамдардың көп жиналуына концертке Димаш Құдайбергеннің қатысуы себеп болған. 

Сондай-ақ 100-ден аса бала ата-анасынан адасып қалған, олардың ең үлкені 15 жаста. Барлық ата-аналар табылыпты. Полиция жоғалған балаларды орналастыру үшін арнайы киізүй тігіпті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 27
Күлкілі 18
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары