Ия, ия, ия осындай шынайылықты армандаймын!
Айкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды. Әнші желідегі парақшасында актер, әнші Нұрлан Әлімжанмен вальс билеген видеосын жариялап, адамзатқа деген махаббат туралы жазба қалдырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Шіркін! Адам баласының бәрі “өтірік”, “бірін-бірі алдау”, “сыртынан балағаттау” дегендердің не екенін білмесе ғой… Мына әлем қандай керемет болар еді! Әрқашан бір-біріне сенім артқан жандар, еш боямасыз бейнелер, шынайы сезімдер мен ақ қағаздай таза да пәк өмір, бейкүнә періштедей адамдар..
Ия, ия, ия осындай шынайылықты армандаймын! Бүкіл адамзат ондай болмаса да, менің жанымда, айналамда сондай жандардың жүргенін қалаймын! Қасымдағылардың жүздерінен қаталдық, арамдық, өтірік, қулық сияқты дүниелерді көргім келмейді! Мен өз тарапымнан айналама арай шашқым келеді! Ешкімнің көңіліне дақ түсірмей, бәріне қорған бола алмасам да, әрқашан қолдау таба алатын жан болғым келедi…Мен адамдардың бәрін сүйемін, бәріне ғашықпын, бәрін жақсы көремін! Бұл — менің шындығым…” — деген екен, Арай деген ару…”, — деп жазды ол.
Желі қолданушылары қос өнер иелерінің жарасымды жұп екенін жарыса жазуда.
”Қандай керемет, жарасымды жұп”, “Осы жұпқа қызыға қараймын, бақытты болыңыздар”, “Бұл жазба өзіңіздікі секілді, Нұрлан екеуіңізді өсектейтідерге жаздыңыз ба”, “Айкерім, кім не десе де мән берме. Нұрланмен бақытты бол”, — деп жазды олар.