$ 521.9  593.5  6.39

«Дос па? Дұшпан ба?»: Достарының төмен әрекетінен кейін Елдос Колобок сахнада жылап қалды (ВИДЕО)

Бұл ұзақ жылдар бойы сәби сүюді аңсап жүрген блогер үшін ауыр тигені анық.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Таразда өткен «Тараз 2000» КВН командасының 20 жылдығында блогер Елдос Колобок көз жасына ерік берді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тараз 200 КВН командасының мүшелері команда құрылғаннан бастап ажырамас досқа айналған. Оған халық та әлеуметтік желілерден куә болып жүр. Отбасымен аралас-құралас болып, бір-бірінің қуанышына ортақтасады.

Алайда Tiktok желісінде таралған видео жұрттың ашуын келтірді. Онда блогер Арман Жаналиев концерт соңында өмірде жеткен ең үлкен жетістігі - балалары екендігін айтып, команда мүшелерінің отбасын сахна төріне шақырған. Көп ұзамай сахна балаларға толып, Елдостың шеткері қалғанын байқауға болады. Бұл ұзақ жылдар бойы сәби сүюді аңсап жүрген блогер үшін ауыр тигені анық.

"Биыл "Тараз 2000" командасының 20 жылдығы. 25 жылдығында менің де балам бұйырса сахнада тұрады», - деді ол көзіне жас алып.

Ал Елдос Колобоктың жанында жүрген достарының әрекеті желі қолданушылардың ашуын келтірді.

"Дос па? Дұшпан ба?", "Нағыз жанашыр достар бұлай істемеуі керек", "Әдейі істеді, жағдайын біле тұра", "Достарың араласатын адамдар емес екен", "Өзін әрең ұстап тұр", "Дос деген осындай бола ма?", "Өте төмен тірлік", "Іші қанжылап, өзін алдандырып билеп тұр" - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары