Кішкене шыдасаңыздаршы.
Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, үшінші бөпесінің кім болатынын тұспалдап айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандары әншіге "Гендер пати жасамайсыздар ма?", деген сұрақ қойды.
Әнші тыңдарманының бұл сұрағына былай деп жауап берді:
"Жоқ, жасамаймыз. Гендер пати туралы сұрақ өте көп. Шамалы қалды ғой, кішкене шыдасаңыздаршы. Туған соң түрін көрсетпесек те, жынысын "точно" айтамыз. Алла қаласа сүйіншілетеміз", - деп жауап берді әнші.