$ 518.34  591.06  6.27

«Қыдырәлі маған жолын берді»: Қарақат Әбілдина мемлекеттен алған атағы туралы айтты

Сөзінше, жолдасы да осы атаққа ұсынылған көрінеді.

Фото: жеке парақшасынан
Фото: жеке парақшасынан

Танымал әнші Қарақат Әбілдина жақында алған “Парасат” орденіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Өнер иесі «Сырласу» бағдарламасында қонақ болып, 10 шақты жыл бұрын “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері” атағын алған сәтінен сыр шертті. Сөзінше, жолдасы да осы атаққа ұсынылған көрінеді.

«Осыдан 11 жыл бұрын «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағын беретін кезде, «бір отбасынан бір адамға ғана марапат берілу керек» деп, «қайсысыңыз аласыздар, өздеріңіз шешіңіздер» деді. Бізде бір отбасынан екі адамға бірдей марапат бермейтін заң бар екен. Ол кезде мен төртінші ұлымды босанып, декреттік демалыста үйде отырғамын. Қыдырәліге «әрине, Сіз алыңыз, бұл талқыланбайды да. Сіздің алдыңызға шығып, марапат алу мен үшін қуанатын жағдай емес, керісінше жөнсіз шаруа» дедім. Содан құжаттарына қол қою үшін Қыдырәлі үйден шығып кетті», – деп бастады әңгімесін Қарақат.

Әншінің сөзінше, жолдасы үйге оралғанда “марапатты сен алатын болдың” деген.

«Қыдекең үйге келгенде марапатты менің алатынымды айтты. “Біз келістік емес пе!?» дедім. Сонда Қыдырәлі «ана жерде: «сонымен, кім алатын болды?» дегенде «мен аламын» деп айтуға аузым да, дәтім де бармады, сосын «Қарақатым алады» дедім» дейді. Жалпы, отбасы болғаннан бері өз жолын маған ұсынып, ән айтқанда да дауысы көрінетін жерлерін маған беріп, мені танытты. Продюсер ретінде оның үміті ақталды деп ойлаймын», – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары