Мен сияқты жұлқынып та билемейді екен.
Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева күйеуімен Грузия еліне тойға барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі Грузияда жас келінге арнап, ән шырқап, тойдың құрметті қонағы болған.
Алайда қазақстандық әншіге тау халқы елінің тойлары аса ұнай қоймаған көрінеді.
"Той тура 18-00-де басталып, түнгі 00-00-ге дейін ғана болады. Тосттары өте қысқа, тек бәрі билей береді екен. Бірақ мен сияқты жұлқынып та билемейді, аздап іш пысты. Тау халқы тек тұрып билей береді", - деп жазды әнші.
Әнші шетелдің тойында қазақтың әнін шырқап, ыстық лебізін білдірген.