$ 518.34  591.06  6.27

«Ұғатын әке жанын сәбиімсің»: Асанәлі Әшімов сахнада ұлына ән арнап, көптің көңілін босатты (ВИДЕО)

Желі қолданушылары аңыз актердің бұл орындауын ерекше толқыныспен қабылдады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

«Әшімов» театры желідегі парақшасына жантебірентерлік видео жариялады, — деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Видеодан қойылымнан кейін Асанәлі Әшімовтің ән айтқанын, жанына ұлы келіп қосылғанын байқауға болады.

«Бұл жай ғана қойылым емес. Бұл — махаббат пен мұңның, жеңіс пен жоғалутдың, өнер мен өмірдің тоғысқан тақтасы», — деп жазды театр парақшасы.

Асанәлі Әшімов жанына соңынан ерген ұлын шақырып, «Жан балам» әнін орындайды.

«Ұғатын әке жанын сәбиімсің,

Жан балам, жабырқасам — Мәдиімсің

Сүйетін сағынғанда — Сағиымсың», — делінген әннің мәтінінде.

Желі қолданушылары аңыз актердің бұл орындауын ерекше толқыныспен қабылдады.

«Аталатсаң аталат, боталатпа, деп бекер айтпайды ғой», «Екеуіңіз де аман болыңыздар», «Көңілім босап, жылап алдым», «Сағи аман болғанда өзіңізден оза туған ұл болатын еді», «Әкенің жоқтауы қандай зарлы, иә», «Жылаттыңыз ғой», — деп жазды олар. 

Айта кетейік, видео 22-сәуір күні Атырауда өткен «Тағдыр тақтасы» драмасынан үзінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары