“Балам, аманатты орындағаның дұрыс".
Әлеуметтік желіде “супер тамада” Сабыржан “мен үшін ауыр той” деп бір оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Той болатын күні тамаданың басынан да түрлі жағдайлар болады. Мен үшін ең ауыр той туралы айтайын ба? Шешем қайтыс болды. Үйдегілерге “жыламаңдар” деп жұбатам, сыртқа шығып, көлігімнің ішінде жылап алам… ертесіне той бар. Екі жерде той бар. Айбек той иелеріне хабарласып, “Сабыржанның анасы қайтыс болды” деп хабарлайды. Олар да түсіністік танытып, көңіл айтады. Шешемді жерледік күндіз. Үйге келген соң әкеме “алған аманаттарым бар, не істейін?” деп сұрадым. “Балам, аманатты орындағаның дұрыс. Туған-туысқа “Сабыржан ауырып қалды дейміз. Бара бер” деді” деген тамада Аягөздегі тойға біраз кешіксе де, барғанын айтады. “Ресторанға кіріп барғанымда 400 адам қол шапалақтап, қарсы алды. Сол сәтте бүкіл қайғымды ұмытып, бір жарым сағат тойды дүркіретіп өткізіп бердім”, – деген Сабыржан бұл тойдың өте ауыр той болғанын айтты.