$ 518.53  588.17  6.39

«Жақында той»: Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Сүйіктісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына ұсыныс кезінен фотосуреттерін жүктеді.

Фото: жеке парақшасынан алынды
Фото: жеке парақшасынан алынды

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы шаңырақ көтермек. Ол сүйіктісіне үйленуге ұсыныс тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сүйіктісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына ұсыныс кезінен фотосуреттерін жүктеді. Әділет Майғазиев ұсыныс жасауға әдемі күнді де таңдаған.

Еске сала кетейік, Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні Жаңаөзеннің қызы, жасы жиырмада. Руы адай, Әдия есімді бойжеткен. 

Желі қолданушылары екі жұпқа бақыт тілеп, пікір жаудырды.

"Енесінен аумайды екен", "Атасының әнімен салып қойыпты", "Бұйырса Сәкен ағамыз құда болады екен", "Жақында той", деп жазды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары