Маған ең маңызды міндет жүктелді.
Журналист, медимаман Динара Сәтжан әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісіп, жақсы жаңалығын жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Бүгін мен үшін ең маңызды күн. Себебі Салманды қырқынан шығару міндеті маған жүктелді. Бұл ең маңызды миссия. Сол үшін ең әдемі болып баруым керек. Салман үлкен азамат бол!", - деді ол.
Сондай-ақ, ол парақшасында қазақы дәстүрмен қырқынан шығару рәсімін жасап, көпшілікпен бөлісті.