Мәдениет & Шоубиз 13.06.2019 сағат 16:49  410

Керменбаев Хамитовамен кездескісі келетінін айтты (ВИДЕО)

«Сахнаға оралғалы кездескен жоқпыз. Мүмкін кездесіп те қалармыз. Кім біледі. Енді сахна бар, басқасы бар! Былай сәлеміміз түзу ғой. Сәлеміміз түзу!» - дейді Нұржан.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Отандық шоу-бизнеске 11 жылдан кейін оралған Жанар Хамитова, аталған уақыт аралығында тек Нұржанмен емес, суперстарлық достарымен де қарым-қатынасын үзіпті, деп хабарлайды НТК арнасынан көрсетілетін «Ревью» бағдарламасы.

Алайда, Нұржан Керменбаевтің жаңарған Жанармен кездесетін ойы бар сияқты.

«Сахнаға оралғалы кездескен жоқпыз. Мүмкін кездесіп те қалармыз. Кім біледі. Енді сахна бар, басқасы бар! Былай сәлеміміз түзу ғой. Сәлеміміз түзу!» - дейді Нұржан.

Суперстардан түлеп ұшқандардың біразы бүгінде ана атанып үлгерсе, жігіттер бір-бір үйдің отағасы. Хамитова олардың жеке өмірінен бейхабар болғанымен, ән әлеміндегі жаңалықтарын жақсы біледі.

Қара бала эстрадаға қайта келген экс-ғашығының қазіргі шығармашылығынан хабардар көрінеді. Тіпті жаңарған Жанардың әндеріне оң бағасын береді.

«Әнін кішігірім естідім. Бірақ клипін көрген жоқпын. Әні жақсы, жақсы, әні жақсы. Қазір мен ол кісіге тек сәттілік тілмеймін сырттай шығармашылықта, иә!» - деп өз сөзін түйіндеді Нұржан.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар