$ 444.32  473.33  4.76

«Әлі мал бағып жүр»: сыныптасын келеке еткен Нұрболат Абдуллин жұрттан сөз естіп қалды (ВИДЕО)

«Ұлан деген сыныптасым бар. Мен мектепте оқып жүрген кезде ешкі бағатын. Әлі ешкі бағып жүр», - деді әнші.

Әнші Нұрболат Абдуллиннің өз сыныптасын мазақ қылған видеосы елді шулатты. «Ешкі бағатын» досы туралы айтқан видеосы Instagram-парақшада жүктелген.

«Ұлан деген сыныптасым бар. Мен мектепте оқып жүрген кезде ешкі бағатын. Әлі ешкі бағып жүр», - деді әнші.

Сыныптасын келеке еткен Нұрболат Абдуллинді жұртшылық сынап тастады.

«Сен сияқты халыктың алдында маймыл боп журу керек пе?», «Атам қазақ мал бағып өскенбіз. Сен әншімін деп мақтанамысың?», «Өз жерлесің, бала күнгі сыныптасыңды келекелеп не болды сонша? Байдын баласына ұқсап, әлде ет жемейсің бе?», «Бір күні өзің де бағып жүрме», «Зато еңбек етіп жүр, ешкімді алдап, плюспен əн айтып ақша тауып жүрген жоқ», - деп ашуланды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары