$ 443.35  475.54  4.82

26 наурызға арналған ауа райы болжамы

Республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК мамандары еліміз бойынша 26 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Атмосферада фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, атап айтқанда, күн райы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр түрінде) болады деп күтіледі. Батыс өңірде қатты жаңбыр жауады, тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша тұман көрініс табады, соққан желдің екпіні 15-25 м/с дейін жетеді, еліміздің оңтүстігінде қатты жел тұрып, найзағай ойнайды, ал солтүстік-батыста, шығыста көктайғақ болады деп болжанады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

27 наурызда Ақмола облысында су тасқыны болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары