$ 441.58  480  4.86

Екі күннен бері сусыз отырған Петропавлда электр жарығы өшіп қалды

Қала әкімі Серік Мұхамедиев уақытша Пестрое өзенінен техникалық су берілетінін  хабарлаған еді.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Екі күннен бері сусыз отырған Петропавл қаласында шамамен 19:00 дейін су беру жоспарланған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Петропавл қаласының тұрғындарын ауыз сумен уақытша қамтамасыз ету үшін сорғы станциясында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының өрт сорғы станциялары жұмылдырылды.

Су құбыры желісі толтырылған бойда шамамен 19:00 дейін пәтерлерге су беру жоспарлануда, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, жұма күні насосты электр қуатымен қуаттайтын бағанды ағып келген мұз құлатып, салдарынан Петропавл тұрғындары сусыз қалған еді.

Қала әкімі Серік Мұхамедиев уақытша Пестрое өзенінен техникалық су берілетінін  хабарлап, халыққа тұрмыстық істерге қолдануға арналған су жеткізіліп отырды.

Ол аз дегендей бүгін Петропавлдың бірнеше шағын ауданында электр жарығы өшіп қалды. Атап айтар болсақ, қаланың орталығы мен 19, 20-шы ықшам аудандары, Зайсан және басқа да бірқатар шағын ауданының тұрғындары жарықсыз қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары