$ 441.58  480  4.86

Футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финал: Алғашқы ойындар өтті

Бүгін 14:00-де «Тараз» бен «Ордабасы», «Оңтүстік академия» мен «Қызылжар», 16:00-де «Елімай» мен «Шахтер», «Ақтөбе» мен «Жетісу» ойнайды.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

13 сәуір күні 2024 жылғы Қазақстан кубогының 1/8 финалының алғашқы ойындары өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Өз алаңында «Қайсар» қостанайлық «Тобыл» командасынан 0:3 есебімен жеңілсе , «Атырау» «SD Family» командасын 6:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді.

«Астана» елордалық дербиде «Жеңісті» 0:1 есебімен жеңсе, «Қайрат» өз алаңында «Тұранды» жеңді.

Сонымен алғашқы күннің қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан кубогының ширек финалына «Атырау», «Тобыл», «Астана», «Қайрат»  командалары жолдама алды.

Ал, бүгін яғни 14 сәуірде 14:00-де «Тараз» бен «Ордабасы», «Оңтүстік академия» мен «Қызылжар», 16:00-де «Елімай» мен «Шахтер», «Ақтөбе» мен «Жетісу» ойнайды.

8 мамырда 1/4 финал ойындары, 1/2 финал 29 мамыр мен 19 маусымда өткізіледі. Финал 29 қыркүйекке белгіленген.

Матчтар QFL TV YouTube арнасында, сонымен қатар «Q Football» және «Q Sport»телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары