$ 441.44  473.09  4.75

«Өтірікші, алаяқ екенбіз»: Фариза Төреәлі тұрғызғалы жатқан мешітке ауыл тұрғындары қарсы шыққан

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында көзіне жас алып жеткізді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал блогер Фариза Төреәлі жолдасы Дархан Нортаевпен бірге мешіт салып жатқан ауыл тұрғындары құрылысқа қарсылық танытқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында көзіне жас алып жеткізді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Құрбан айтқа дейін аяқтағымыз келеді»: Блогер Фариза Төреәлі жолдасымен мешіт құрылысын бастады

Оның айтуынша, олар жолдасы екеуі мешіт саламыз деп арнайы ақша жинаған.

"Осы үшін көп еңбек етіп жүрдік. Бұдан бізге бір тиын да түспеді, сіздер айтқандай завод та салар едік, өз қалтамызды көтеретін нәрсе салуға болар еді. Алланың үйі деген сондай киелі дүние, оған бір ауыз жаман сөз тимеуі керек", - дейді ол. 

Ол мешітті олар тегін салып бергелі жатқандарын, ал тұрғындардың бұл әрекеттері жүрегіне тигенін жазды.

"Ауыл адамдары Дарханға звондап, "сендер кімсіңдер мешіт салып жатқан" дегеннен бастады. Шошып Бурабайдан атып шықтық ауылға. "Өтірікші, алаяқ екенбіз, ради хайпа" екен жасап жатқанымыз. Басқалар не айтса айтсын, бірақ мешіт салынып жатқан ауыл тұрғындарынан естіген қатты жүрекке батты. Тегін жасап бергелі жатыр едік қой, тиісу причинасын түсіне алмадық?", - деп жазды Фариза Төреәлі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары