$ 443.37  474.49  4.83

СҚО-ға 600 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізілді

Бүгінде 1 717 отбасы 100 АЕК көлемінде, жалпы сомасы 634 млн теңге болатын біржолғы төлемақы алды.

Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

Солтүстік Қазақстан облысына 600 тоннаға жуық гуманитарлық көмек келді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте облыс әкімі аппараты жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Облысқа республика облыстарынан, сондай-ақ Омбыдан 576 тонна гуманитарлық көмек (азық-түлік, заттар және т.б.) келді. Келтірілген материалдық шығынды өтеуге өтініштерді қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 1 717 отбасы 100 АЕК көлемінде, жалпы сомасы 634 млн теңге болатын біржолғы төлемақы алды», - деді ол.

15 сәуірден бері Ақмола облысынан келетін суға байланысты облыста тасқынның екінші толқыны жүріп жатыр.

Сонымен қатар ол қазір Сергеевский су қоймасының максималды деңгейінде екенін айтты.

«Біз екінші толқынның шарықтау шегін 21-22 сәуірде күтеміз. Петропавл маңындағы бірінші толқын 21 сәуірде төмендейді, екінші толқын сәуір айының соңына қарай өтеді деп күтіліп отыр. Бұл ретте су басқан үйлер көбейеді деп ойламаймыз», – деді Серік Ғайсин.

Оның айтуынша, қазір өңірде барлығы 14 388 адам эвакуацияланып, 764 адам үйлеріне қайтарылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары