$ 444.14  477.05  4.85

Енді мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарын ойнауға тыйым салынады

Бұл түзету «Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы» Заң жобасына енгізілді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында қаралған Заң жобасына мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарын ойнауға тыйым салынуы жайлы өзгерістің енгізілуін қолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл түзету «Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы» Заң жобасына ілеспе түзетулерге енгізілді.

Шектеу барлық мемлекеттік қызметшіге қатысты болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бар, оның аясында 12-бап – сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу. Мемлекеттік қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері – шамамен 220 мың адам кез келген ойындардан шектеледі, - деп атап өтті мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев.

Бүгін мәжіліс депутаттары «Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мемлекет басшысының халық арасында ойынға тәуелділікке қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында құжатқа ҚР Парламенті депутаттары бастамашы болғаны хабарланды.

Сондай-ақ бүгін депутаттар TikTok әлеуметтік желісіндегі құмар ойындарының онлайн трансляциясын бұғаттау туралы ұсыныстарын айтып, мұндай әрекеттерді «заңсыз» және қазақстандық балаларға зиян деп атады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметкерлерге, полиция қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметкерлерге ойын орындарына баруға тыйым салатын жарлыққа қол қойған болатын.

Дегенмен бұл қатарға қызметтік міндеттерді орындауға байланысты жағдайлар кірмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары