$ 439.43  473.31  4.82

БҚО тұрғыны ұлын ұрғаны үшін сотқа тартылды

Ер адам екі баланы жалғыз тәрбиелеп отыр.

Фото: kuban24.tv
Фото: kuban24.tv

Батыс Қазақстан облысында жалғызбасты әке 4 жасар ұлын белбеумен ұрып, қасақана дене жарақатын салған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотында әкімшілік кодекстің 73-1 бабы "Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер" бойынша іс қаралды. БҚО сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам өзінің төрт жасар ұлына белбеумен қасақана дене жарақатын салған. Баланың денсаулығына жеңіл зиян келген.

Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындады. Ол кешке кішкентай баласының ойнап, бағынбағанын, сондықтан оны белбеумен жазалағанын түсіндірді. Ер адам екі баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Анасы ата-ана құқығынан айырылып, бөлек тұрады.

Оқиға туралы бірінші болып бала баратын балабақша хабарлаған.

Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, ескерту берілді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары