$ 439.43  473.31  4.82

Lexus, Toyota: Шымкент әкімдігінің еншісінде қандай көліктер бар

Автопарк 2010-2018 жылдар аралығында шығарылған көліктерден тұрады.  

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкент қаласы әкімдігінің автопаркінде қандай көліктер бары анықталды. Бұл туралы Tengri Auto-ға сілтеме жасай отырып Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әкімдіктің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы мәліметінше, автопаркке әртүрлі мақсатта пайдаланылатын 12 көлік құралы енген. Оның ішінде – 6 қызметтік, 4 кезекші және 2 қонақтарға арналған көлік.

Автопарк 2010-2018 жылдар аралығында шығарылған көліктерден тұрады.  

Автопаркте мынадай модельдер бар:

Lexus LX570 - 2011;

Ssang Yong Chairman Limo - 2012;

Kia Cadenza - 2012;

Kia Cadenza - 2015;

Kia Cadenza - 2015;

Kia Cadenza - 2015;

Merсedes-Benz S350L - 2010;

Kia Cerato - 2018;

Kia Cerato - 2018;

Toyota Camry - 2010;

Toyota Camry - 2010;

Chevrolet Aveo - 2015.

Әкімдік 2018 жылы Шымкентке республикалық маңыздағы қала мәртебесі берілгелі автопарк жаңа көліктермен толықтырылмағанын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары