$ 501.49  525.71  5.77

«Феминита» ұйымының белсендісі Жанар Секербаева қамауға алынды

Өз кезегінде Жанар Секербаева өзінің жыныстық бағдарына байланысты қудаланғанын айтты.  

Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден

Алматы соты “Феминита" ұйымының тең құрылтайшысы Жанар Секербаеваны өткен жылдың мамыр айында өткен шеру үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы соты Секербаеваны Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 488-бабының 7-бөлігін бұзды деп танып, оны 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл шешім 2024 жылдың 13 мамырында өткен шеруге қатысты.  

Ол кезде “Феминита" белсенділері ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нукенованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етіп, шеруге шыққан еді. Осы наразылықтан екі күн өткен соң ұйымның тағы екі белсендісіне айыппұл салынған болатын.  

Секербаеваның адвокаты Ғалым Нұрпеисов сотта бұл маршты ұйымдастырғаны үшін Гүлзада Сержан жауапкершілікке тартылғанын алға тартып, неге тағы да Жанар Секербаеваға ұйымдастырушы ретінде жаза қолданылып жатқанын сұрады.  

"Азаматша әдейі шеру өткізуге шығып, әкімдік органдарын, полиция қызметкерлерін хабардар етпеген. Бұл қоғамдық тәртіпті бұзу", – деді полиция қызметкері.  

Өз кезегінде Жанар Секербаева өзінің жыныстық бағдарына байланысты қудаланғанын айтты.  

"Салтанатты сегіз сағат бойы аяусыз өлтіргендерін, ешкімнің оны құтқармағанын есіме түсіріп отырмын. Мен шеруді ұйымдастырған жоқпын, тек қана қайғыларын бөліскісі келгендердің қатарына қосылдым. Елде фемицид болып жатыр", – деді ол сотта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары