Қор өкілдері істің мән-жайын толық жариялаудан бас тартты.
Қайырымдылық қорынан ақша жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың ісінде Asarume қайырымдылық қоры жәбірленуші деп танылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 басшысы Перизат Қайраттың қаржы жымқыру ісі бойынша қосымша дерек пайда болды. Asarume қайырымдылық қоры желіде мәлімдеме жасап, істе жәбірленуші болып танылғанын жазды.
“Біз сенгіміз келмейтін фактілер шындыққа айналып, бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болды. Бұл оқиға игі істермен айналысатын әр адамға әсерін тигізіп, қайырымдылыққа деген сенімге күмән ұялатты.
Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 жасаған алаяқтық әрекеттер біздің қорымызға да әсер етті. Тергеу нәтижесінде "Асар Үме" ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды”, – деп мәлімдеді қор.
Алайда қор өкілдері істің мән-жайын толық жариялаудан бас тартты.