$ 496.71  531.33  5.55

Нартай Аралбайұлы астаналықтарға жағымды жаңалық айтты

Нартай Аралбайұлының айтуынша, әлеуметтік желіде «ескі Қазақстанға», олигархтарға және басқасына қатысты деген жазбалар жарияланып жатқан көрінеді. 

Фото: Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы автотұрақтарға қатысты өзгеріс 13 наурыздан бастап күшіне енетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өздеріңіз білетіндей, біз Әкімшілік кодекске автотұрақ бойынша тиісті өзгеріс енгізіп, айыппұлдың көлемін үш есеге төмендеттік. Оған қоса Астанадағы барлық жекеменшік автотұрақтың барлығын әкімдікке өткізу туралы бастама көтердік. Біздің талаптарымыз орындалды. 1 маусымға дейін өтетін болды, - деді депутат.

Нартай Аралбайұлының айтуынша, әлеуметтік желіде «ескі Қазақстанға», олигархтарға және басқасына қатысты деген жазбалар жарияланып жатқан көрінеді. 

Кімге тиесілі болса да, әділеттік принципі орнауы керек. Сол себепті автотұрақ әкімдікке өтетін болды, айыппұлдың бағасы түсті. Қазірдің өзінде оны Алматы қаласы әкімдігі жүзеге асырып жатыр. Ал Астана қаласына тиісті тапсырма бердік. Қазір ол орындалып жатыр. Автотұрақ қала меншігіне өткенше, азаматтарымыз көлігін автотұраққа қойғанын тексерушілер анықтаса, онда сізге «көлігіңіз ақылы автотұрақта тұр» деп хабарлама келеді. Бұл автотұрақтың ақылы екенін еске салу мақсатында жіберіледі, - деп түсіндірді депутат.

Сөзінше, қазір Алматыда бұл жүйе жұмыс істеп тұр. Ендігі кезек Астанада.

Қазір ақылы автотұрақтың ақысы төлемей кеткен жағдайда азаматтарға міндетті түрде хабарлама келуі керек. Яғни түзелуге 24 сағат мүмкіндік болуы керек. Осы жағдайда да төлемесе, онда айыппұл салынуы керек екенін айттық, - дейді Аралбайұлы.

Мәжіліс депутаты атап өткендей, қазір салынатын айыппұл 11 мың теңге. Депутаттар оны 3 900 теңгеге, яғни 1 АЕК-ке дейін төмендеткен. 

Заң 13 наурыздан бастап күшіне енеді. Айыппұлды 1 аптаның ішінде төлесеңіз, 50% жеңілдік болады, яғни ол 2 000 теңге көлемінде. Оған қоса заң бұзу бір жыл ішінде қайталанса, 5 АЕК, яғни 20 мың теңге айыппұл болатын. Оны да 2 АЕК-ке дейін төмендеттік. Ол 8 000 теңге. Оны да бір апта ішінде төлесе, 50% жеңілдік болады, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары