Қабылбек Жұмабеков бұған дейін «Қазақтың 75 пайыз сөзі арабтыкі» деген пікірімен танылған болатын.
Қазақстандық уағызшы Қабылбек Жұмабеков Алматы қаласында «OTAU» атты жаңа халал мейрамханасын ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мейрамхана қазақы нақышта безендіріліп, ашылу салтанатында шапан киген адамдар домбыра шертіп, ұлттық өнерді насихаттады.
Алайда, бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер туғызды. Кейбір қолданушылар уағызшының мұндай ірі кәсіпті бастауына таңданыс білдіріп, сын-пікірлерін жазды.
Мысалы, кейбірі «Имамдарда ақша жоқ дейсіңдер, ал көріңдер» деп пікір қалдырды. Дегенмен, басқа қолданушылар Қабылбек Жұмабековтің бұл бастамасын қолдап, кәсіпкерлікпен айналысуын құптады.
Айта кету керек, Қабылбек Жұмабеков бұған дейін «Қазақтың 75 пайыз сөзі арабтыкі» деген пікірімен танылған болатын.