Халық қалаулысы ең бірінші дәрі-дәрмек пен емдеу қызметтері жайлы айтып өтті.
Ол жазбасында неге дәрі-дәрмекке, емдеу қызметтеріне, кітаптарға және картадан картаға аударымдарға 0% ҚҚС ұсынғанын түсіндірді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
– Салық кодексіне қатысты бір топ депутаттың ұсынған түзетулері туралы жазба жариялаған соң, бірқатар сұрақ келіп түсті. Әсіресе, "неге дәрі-дәрмекке, медициналық қызметтерге, кітаптарға және банк аударымдарына ҚҚС салмау керек?" деген сұрақтар жиі қойылады, – деді А.Аймағамбетов.
Халық қалаулысы ең бірінші дәрі-дәрмек пен емдеу қызметтері жайлы айтып өтті.
– Біз ауыр, созылмалы және өмірге қауіп төндіретін көптеген ауру бойынша дәрі-дәрмек пен емдеуге қазіргі 0% ҚҚС мөлшерлемесін сақтап қалуды ұсынамыз. Мысалы: онкология, диабет, сирек кездесетін немесе аутоиммундық тағы басқа аурулар. Неге? Себебі, салықтың өсуі – бағаның өсуі. Ал дәрі-дәрмектің бағасының өсуі бірінші кезекте науқастар мен олардың отбасыларына ауыр салмақ. Бұл жай ғана салық мәселесі емес, бұл – адамгершілікке қатысты шешім. Онко-дәрілер мен сирек ауруларға арналған препараттардың бағасы қазірдің өзінде өте жоғары. Егер оларға ҚҚС енгізілсе, бұл – бағаның бірден 10%-ға өсуі деген сөз, – деді ол.
Депутаттың сөзінше, ҚҚС-тан босату – мәдениетке, білімге, ұлттық ойға көрсетілген құрмет. Әрі бұл қазақ авторларын тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде қолдау болар еді.
– Отандық кітаптар мен анимация. Кітапқа ҚҚС салу отандық авторлар үшін шығарылым құнын арттырады. Ал бұл оқырман үшін кітаптың бағасының көтерілуіне әкеледі. Қазақ авторлары назардан тыс қалды деп айтып жүрміз, дегенмен, соның өзінде кітапқа салық салып отырмыз. ҚҚС-тан босату – мәдениетке, білімге, ұлттық ойға көрсетілген құрмет. Біз өз авторларымызды, аудармашыларымызды, суретшілерімізді қолдауымыз керек. Сол сияқты анимация да – енді дамып келе жатқан сала. Қазақ тіліндегі сапалы мультфильмдер өте аз. Бұл саланы салықпен емес, нақты қолдаумен көтеруіміз қажет, – деді халық қалаулысы.
Асхат Аймағамбетов банктік аударымдар мен карта арқылы төлемдерге ҚҚС енгізіліп кетсе, халық күнделікті қолданып жүрген қарапайым қызметтер де қымбаттайтынын алға тартып отыр. Сондықтан, бұл жерде халық бірінші қиындықпен бетпе-бет келеді.
– Қаржылық қызметтер. Көптеген елде банк қызметіне ҚҚС салынбайды, бұл жайдан-жай емес. Бізде де қазіргі уақытта бұл қызметтер ҚҚС-тан босатылған. Егер банктік аударымдар мен карта арқылы төлемдерге ҚҚС енгізілсе, халық күнделікті қолданып жүрген қарапайым қызметтер қымбаттап кетуі мүмкін. Мысалы, сіз Халық банктегі картаңыздан Kaspi-ге ақша аудардыңыз, 200 теңге комиссия төледіңіз. Егер оған ҚҚС қосылса, тағы 32 теңгеге дейін қосылуы әбден мүмкін. Бұл, әсіресе, жиі аударым жасайтындар үшін ауыр. Зардап шегетіндер – қарапайым халық: студенттер, ата-аналар мен шағын кәсіп иелері, – деп сөзін жалғастырды Асхат Аймағамбетов.
Оның сөзінше, дәрі-дәрмекке салынатын салық пен казинодағы ұтысқа салынатын салық бірдей болмауы тиіс.
Сондықтан депутаттар бірнеше ұсыныс айтқан.
Олар:
– Мәселе "бәрін бәрінен босатуда" емес. Мәселе, әділ әрі теңгерімді салық жүйесін қалыптастыруда. Талқылау әлі жалғасып жатыр. Ұсыныстар көп: ҚҚС-қа тіркеу шегіне, салық мөлшерлемелеріне, түрлі салаға қатысты. Әрине, әркім өзіне тікелей әсер ететін мәселеге назар аударады, бұл туралы да жазып отырамыз. Ең бастысы, осы ұсыныстар жұмыс тобы мен Мәжілісте болашақта қаралып, алдағы уақытта қолдау табады деп үміттенеміз, – деп сөзін қорытындылады ол.