Сот жабық режимде өтті.
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін аяусыз өлтірген Асқар Тастандиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Прокурор соттан айыпталуышыға 24 жыл тағайындауды сұраған, ал жәбірленуші тарап өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етті.
Сотталушыға екі бап бойынша, “асқан қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру” және “жеке өмірге қол сұғу” баптарымен айып тағылған. Тергеудің мәліметінше, экс-депутаттың ұлы танысының интимдік видеоларын таратып жіберген.
Нәтижесінде сот айыпталушыны 22 жылға бас бостандығынан айырды.
Сот жабық режимде өтті.
Іс бойынша күдікті Аскар Тастандиев. Ол – бұрынғы депутаттың ұлы. Аскар Тастандиев 1994-1995 жылдары Жоғарғы Кеңестің депутаты болған Саламғазы Тастандиевтің баласы. Оның әкесі бір кездері Талдықорған облысында прокурор болып жұмыс істеген.
Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, Аскар Тастандиев бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың курстасы.
Оқырмандарым маған Аскар Тастандиев, күзетшіні өлтірді деген күдікке ілінген азамат, Қуандық Бишімбаевпен бірге оқығанын жазуда. Олар Narxoz университетінде бір топта немесе бір курста оқыған", – деп жазады Михаил Козачков.
Ал Аскар Тастандиевтің өзі бизнеспен айналысқан. Ажырасқан, екі баласы бар. Күдікті өз тұратын тұрғын үй кешенінің тұрғындарына да тыныштық бермеген.