$ 521.9  593.5  6.39

Димаш Құдайберген ел көптен күткен жаңалығын айтты (ВИДЕО)

«D and Dears» атты фан-кездесу өтеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Димаш Құдайберген 10 сәуірде жанкүйерлерін жағымды жаңалықпен қуантты. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

— Менің туған күніме орай, 26 мамырда Almaty Arena стадионында «Stranger» концертінің кинотеатрларға шығуына орай ұйымдастырылатын «D and Dears» атты фан-кездесу өтеді. Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар, — деп жазды Димаш.

Ал 27 мамырдан бастап Астанада өткен «Stranger» шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі.

Келесі аптадан бастап фан-кездесу билеттері Ticketon сайтына шығады. Кездескенше! Сіздерді ерекше жақсы көремін, — деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 31
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары