$ 518.21  590.09  6.3

«Пайғамбардың ұрпағымыз»: Аманкелді қажы түп аталары араб болғанына мақтанды (ВИДЕО)

"Біздің дәрежеміз енді арабтармен тең".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қажылықты кәсіпке айналдырған ұстаз Аманкелді Еренғайыпұлы өзінің желідегі парақшасында шежіреге қатысты тың ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Желідегі видеода араб ұлтының өкілі ресми құжатты оқып, Аманкелді қажының аталарының шежіресін жария етті. Құжаттың мәтінін қазақ тіліне аудармашы жеткізіп отырады.

Аталған бейнежазбадан кейін дінтанушы Аманкелді Еренғайыпұлы бұл құжаттың маңыздылығын түсіндірді. Оның айтуынша, шежіре деректері бірнеше ғасырлық тарихты қамтиды:

«Біз Сейітқожа әулетіміз. 16 ғасырдан бергі шежіремізді таптық. Сонымен қатар 19 ғасырдағы қолжазба шежіре де біздің қолымызда. Осы құжаттарды Сауд Арабиясындағы «Пайғамбарлар әулеті» деген ұйымға жібердік. Олар шежіремізді зерттеп, пайғамбар ұрпағы екенімізді растап, ресми құжат табыстады», – деді Аманкелді қажы.

Аманкелді Еренғайыпұлының айтуынша, Сауд Арабиясындағы беделді діни ұйым қазақ жерінен шыққан шежірені мұқият сараптаудан өткізіп, нәтижесінде оны мойындаған. Бұл оқиға дінтанушы үшін ғана емес, бүкіл Сейітқожа әулеті үшін тарихи мәнге ие.

«Біздің дәрежеміз енді арабтармен тең. Олар шежіресімен мақтанады, енді біз де сол деңгейге жеттік», – деді ол.

Алайда желі қолданушылары Аманкелді Еренғайыптың бұл әрекетін қатаң сынға алды.

"Қазақ болғанын қор санаған", "Арабты байытқан", "Қажылықты бизнес қылған", -  деп сынауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 9
Күлкілі 12
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары