$ 521.9  593.5  6.39

Алматыда ер адам Арбатта жүрген бойжеткенді аяусыз ұрып тастады (ВИДЕО)

Қыз бен жігіттің арасындағы дауға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматыда қыз бен жігіт арасындағы төбелестің видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Болған жағдайға қатысты полиция түісініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан қыз бен жігіттің бір-біріне жұдырық ала жүгіргенін байқауға болады. Жастар арасындағы жанжалдың 12 сәуірге қараған түні Арбат көшесінде болғаны анықталды.

Қыз бен жігіттің арасындағы дауға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Бойжеткен жігітті қуып жетіп ұрмақ болғанда, ер адам оның бетінен және басынан бірнеше рет жұдырықпен ұрады. Кейін ондағы жігіттердің бірі ер адамды тоқтатпақ болып алып кетті. Соққы салдарынан қыз тәлтіректей тұрып, басын ұстап кетіп қалды. 

Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

“Оқиғаның объективті мән-жайы анықталып жатыр”, – деді полиция.

Ведомстводағылар кінәлі адам міндетті түрде ұсталып, жауапкершілікке тартылады деп сендірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары