Алғашқы жарнасы 117,9 млн теңгені құрайды.
Кәрім Мәсімовтің елордадағы зәулім сарайы үшінші мәрте аукционға шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімовке тиесілі үйдің бастапқы бағасы бірінші рет саудаға шығарылған кезде 1,8 млрд теңгеге бағаланған еді. Ал қазір 1,6 млрд теңгеге дейін төмендетіліп отыр. Алғашқы жарнасы 117,9 млн теңгені құрайды. Өтінімдерді қабылдау 13 мамыр күні сағат 9:00–ге дейін жүргізіледі. Сол күні сағат 11:00–де сауда-саттық өтеді.
Зәулім сарай бұған дейін 25 ақпанда, одан кейін 12 наурызда сатылымға шығарылған еді. Алайда, ол кезде үйді сатып алушы табылмады.