$ 515.03  584.82  6.24

Шиеліде бір топ оқушы 8-сыныпта оқитын қызды зорлап кеткен

Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу жүріп жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы ұлдар 8-сыныпта оқитын қызды зорлап кеткен. Бұл оқиғаны аудандық білім бөлімі растаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шиелі ауданына қарасты білім ордасында 8-сынып оқушысын мектеп оқушылары зорлапты деген сыбыс шықты, рас па? Қай мектеп?», - деп жазған аудандағы ата-ананың бірі.

Осы постқа жауап берген Шиелі аудандық полиция бөлімі оқиға болғанын растаған.

«Орын алған жағдайға байланысты тергеу құпиясы мен кәмелет жасына толмаған жас қыздың болашағына алаңдағандықтан, оқиғаның қай мектепте орын алғандығы жариялауға жатпайдығын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу жүріп жатыр, кінәлі деп табылған адамдар заң аясында жауапқа тартылатындығын хабарлаймыз», - деп жазған білім басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары