Тергеу жалғасып жатыр.
Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Айбол Күлбаев пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Ол республикалық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернатының директоры болып тұрған кезінде жеке кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу аясында азық-түлік жеткізу туралы шарт жасасқаны үшін 8 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Биыл 24 сәуірде соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", – деді Бигайдаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің брифингінде.
Күлбаев Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне 2025 жылдың ақпан айында тағайындалған еді.
Айта кетейік, наурыз айында әлеуметтік желіде Күлбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл мәліметті жоққа шығарып, оның бұл іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде танылғанын хабарлады.