Аталған дәстүрді "Тәй-тәй" әнімен орындаған.
Әлеуметтік желіде Дубайда бір топ әйелдің бір бірінің тұсауларын кезектесе отырып кескен видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталған дәстүрді "Тәй-тәй" әнімен орындаған. Олар тұрмысқа шықпаған әйелдердің тұсауын тұрмысқа шыққан, көп балалы аналарға кестірген. Арнайы үлгілі, бақытты әйелдерді таңдап алғандықтарын айтады. Осылайша дәстүрді жол ашуға деген ырым деп сенген. Рәсімді өткізіп болған соң тіпті көздеріне жас алған.
Алайда желі қолданушылары әйелдердің бұл әрекеттерін жаппай сынап жазуда.
"Ойыншықтарды тізіп қойып тағы мамандық таңдамадыңдар ма", "Өгіздей болып тұсау кескені несі", "Еріккендер-ай", "Құтырған қатындар", "Өлеңді қор қылдыңдар-ау", "Байға тию, тимеу бір Алланың қолында ғой. Не болса соған сеніп. Тауықтың миындай ми жоқ.", "Салт-дәстүр еріккеннің ермегі болды ғой", "Ақша не істетпейді", - деп жазды.