$ 516.16  584.86  6.25

Ақмола облысында жоғалып кеткен 6 жасар бала табылмай жатыр

Алдын ала мәлімет бойынша, бала жоғалған күні адамдар оны Нұра өзенінің маңынан көрген.

Фото: Ақмола облысының полиция департаменті
Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Баланың болуы мүмкін барлық орындар, соның ішінде өзеннің жағалауы тексеріліп жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

2025 жылдың 30 сәуірінде Ақмола облысы Қорғалжын ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан 2019 жылы туған алты жасар ұлы Қалмырза Жандәулеттің жоғалып кеткені туралы арыз түскен.

Анасының айтуынша, бала сағат 19:00 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала жоғалған күні адамдар оны Нұра өзенінің маңынан көрген.

Полицияға түскен ақпарат бойынша, бала арықша келген, шашы қара, көзі қоңыр. Жоғалып кеткен кезде үстінде қызғылт сары түсті күрте, қара колготки және қоңыр түсті кроссовка болған.

Полиция қызметкерлері барлық тұрғынды қырағы болып, Жандәулеттің жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда дереу 102 нөміріне немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары