$ 514.5  582.67  6.35

Атырауда балық аулауға шыққан 17 жастағы жасөспірім суға кетіп қалған

Дзюдомен айналысқан, жарыстарға қатысып жүрген.

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Суға кеткен жасөспірімді іздеуге ТЖ департаментінің 19 құтқарушысы, 6 жүзу құралы және 5 техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТЖ департаментінің берген ақпараты бойынша, 2007 жылы туған Атырау тұрғыны Жайық өзені үстінде моторлы қайықтан суға түсіп кетіп, кері судың бетіне шықпай қалған.

Сонымен қатар іздестіру жұмыстарына полиция департаментінің 8 қызметкері мен 3 техникасы да қатысуда. Іздестіру жұмыстары тоқтаған жоқ.

Суға кеткен жасөспірім 2007 жылы туған, дзюдомен айналысқан, жарыстарға қатысып жүрген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары