Айтуларынша, парад басталып кеткен.
7-мамыр күні өткен әскери шеруге медальдарын тағып, тамашалауға келген соғыс ардагерлерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері кіргізбей қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айтуларынша, парад басталып кеткен. Алайда, өзіне арналған мерекелік іс-шараны көрсетпегендеріне налыған ата кіргізбегендердің бәріне теріс батасын берді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Көзіме жас келді»: Астанада соғыс ардагерін әскери парадқа кіргізбеген (ВИДЕО)
"Жамбылдың жасын, Абайдың басын берсін деп айтады қазақта. Сендерге ештеңе бермесін. Әмин", деп ренжіген күйі бұрылып кете барды.
Бұл жайттар желі қолданушыларының ашуын тудырды.
"Парад кім үшін сонда", "Бір ит заман болды-ау", "Бүйткен парадтарың құрысын", "Ардагерлерді кіргізбесе тынған екенбіз онда", "Аяғын жерге тигізбей апаратын адамдар ғой", - деп жазды олар.