$ 448.15  483.46  4.86

Үш ер адам жүргізушіні ұрып, көлігін тартып алған (ВИДЕО)

Ведомствоның мәліметінше, қылмыскерлер көлік иесін ұрып, Қарағанды облысының Ақтоғай ауылынан Нұр-Сұлтанға дейінгі жолда қорқытып ұстаған.

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің жедел тобы көлік ұрлығының ізін суытпай ашып, үш күдіктіні ұстады деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыскерлер көлік иесін ұрып, Қарағанды облысының Ақтоғай ауылынан Нұр-Сұлтанға дейінгі жолда қорқытып ұстаған.

Оларды тәртіп сақшылары жол үстінде құрықтаған.

Күдіктілер Қылмыстық кодекстің 125 бабы 2 тармағына сәйкес (адамдар тобының адамды ұрлауы) жауапқа тартылатын болады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары